Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Салдарын бұрмалап көрсетудің қажеті жоқ": Қазақстан президенті Қаңтар оқиғасын халық көтерілісі деп санамайтынын айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасын халық көтерілісі, революция деп атайтындарға жауап берді. Президенттің пікірінше, “халық көтерілісі болды деген пікірлер қыл­мыс­тық әрекеттерді ақтау үшін айтылу­да”. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Егемен Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы бастапқыдағы бейбіт шерулер жаппай тәртіпсіздікке, өртеу мен қиратуға ұласқан қайғылы оқиғаларға бүкіл әлем куә болғанын айтады. 

“Кім бейбіт шеру­ге автомат, тапанша және суық қару ұс­тап барады?! Ниеті дұрыс адам әске­ри қызметшілерді ұрып-соғып, өлтіре ме, оларды тірі қалқан етіп, әкім­шілік ғимаратқа шабуыл жасай ма?! Бейбіт шеруде дүкендер мен банктер қиратылып, тоналып, көліктер өртеле ме?! Билік органдарының ғимараттары мен полиция бөлімдеріне жасалған шабуылды айтпай-ақ қояйын”, – дейді Тоқаев сұхбатында. 



Ол жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан үш миллиард долларға жуық шығын келгенін баса айтады. “Қаңтар оқиғасының себеп-салдарын бұрмалап көрсетудің қажеті жоқ” деген президент “халық көтерілісі болды деген пікірлер қыл­мыс­тық әрекеттерді ақтау үшін айтылу­да” дейді.

“Барып тұрған бұзақыларды ба­тыр­ға балап, жұртты арандататын әрі жауапкершіліктен жұрдай сыңар­жақ пайымдар қылмыстық психологияның қоғам санасына сіңуіне әкеп соқтырады. Мұндай әңгімелер – ұлттық қауіпсіздікке және халықтың жаймашуақ өміріне қатер төндіретін жаппай тәртіпсіздікке шақырумен пара-пар. Бұл – өте қатерлі үрдіс. Сондықтан осындай жүгенсіздікті сынға алу мәселесіне келгенде мемлекет пен қоғамның ұстанымы ортақ болуы керек. Мен бұған сенімдімін”, – дейді Қазақстан президенті.

Талқылау