Саясаткер: Үкіметтегілердің президенттің тапсырмасынан кейін қазақша сөйлегенін көргенде қаным қайнайды
Саясаткер Дос Көшім бұл үрдіс тоқтап қалмауы үшін, мемлекеттік тіл жөнінде жарлық шығуы керек дейді.

Дос Көшім тұрғындарымыз қай тілде сөйлесе де өз құқы, ал мемлекеттік қызметкерлер ресми жиындар мен кездесулерде, есеп беруге шыққанда тек қазақ тілінде ғана сөйлеуге міндетті екенін айтты, деп хабарлайды 31 арна.
“30 жылдан кейін барып Президенттің осыны айтуы, осыны айтқызуға жеткізген солардың өзі – мемлекет қызметкерлер. Сондықтан шындығында да бұл үлкен ұят. Президенттің айтқанына байланысты сөйлеген деген сөзге менің өз басым, ішім бір қайнап кетеді. Себебі мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Оны сөйлеу және оны дамыту мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті”, – дейді сасаткер Дос Көшім.
Тағы да оқыңыз:
Ақмола облысының әкімі үкімет отырысының “шырқын бұзды”
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар