AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саябақтың орнына салған: Нұр-Сұлтан тұрғындары мешіт құрылысына қарсы шықты

Нұр-Сұлтанда "Ерке" тұрғын үй кешенінің тұрғындары мешіт құрылысына наразылық білдірді. Айтуларынша, құрылыс компаниясы үйдің ауласына саябақ саламыз, ауланы көгалдандырамыз деп уәде берілген. Алайда қаңтар айында қоршалған аймақта мешіт құрылысы басталып кеткен. Енді тұрғындар бас жоспардың өзгергеніне наразы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап. 

Роза Главацких аталған тұрғын үй кешенінен осыдан екі жыл бұрын пәтер алған. Мүлікті таңдар кезде әйел инфрақұрылымды ескергенін айтады (емхана, мектептің маңында болуы). Одан бөлек, құрылыс компаниясы тұрғын үйдің жанынан абаттандырылған саябақ салып береміз деп уәде берген. Алайда уақыт өте келе жоспар бұзылған. 

"15 қаңтарда құрылыс басталған кезде үйде жарықшақтар пайда бола бастады. Шу кедергі келтіреді. Қазір үй апаттық жағдайда тұр. Жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Жарықшақтарды бірінші қабаттан да, паркингтен де көруге болады", – дейді әйел.  

Құрылыс аяқталған соң, көлік тұрағында орындар санының аз болуы да кедергі болуы мүмкін дейді тұрғындар. Олар қалалық құрылыс бөлімі мен елорда әкіміне бірнеше рет жүгінгендерін айтады. 

"Біз келген нысанның құрылысына қарсымыз. Өйткені ол біздің экологиялық жағдайымызды бұзады. Бұл жерде саябақ болуы керек еді. Ағаштар отырғызу қажет, айналаның бәрі бетон, асфальт. Балалар үшін таза ауамен тыныстайтын жер жоқ", – дейді тұрғындардың бірі Мұрат Сыздықов.



"Жұма күні үйге тіпті кіре алмайсың. Қазіргі уақытта біз терезені де аша алмаймыз, айналаның бәрі шаң-тозаң. Жұмыстарды таңғы сағат 7-де бастайды, ол дегеніңіз үнемі тарсыл-гүрсіл дыбыстар", – дейді Жұмақыз Есенбекова.

Одан бөлек, тұрғындардың айтуынша, құрылыс барлық талаптар мен ережелерге сай жүріп жатқан жоқ. Өйткені нысандардың арасында арақашықтық дұрыс сақталмаған. Салдарынан тұрғын үй құрылымы да бұзылды, деп ашынады олар. Пәтер иелері түрлі сараптамалар жүргізіп, құқықтарын сотта қорғау үшін дәлелдер жинауда. 

Ал елорда әкімдігі берген жауапқа сенсек, құрылыс компаниясының нысанды тұрғызуға қажетті заңды құжаттары бар. Ол аз десеңіз, құрылысшы тұрғындар арасында сауалнама жүргізіпті. Құжат бойынша, олардың 80%-ы мешіт құрылысына келісім берген. Алайда тұрғындар сауалнаманың жүргізілгенін жоққа шығарды. Енді олар сотқа арызданбақ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр