AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пәтеріміздің қабырғасын опырылып кетті": Шымкент тұрғындары жарылыстан кейін үйлеріне оралуға қорқатындарын айтты

Шымкентте жарылыс болған аумақ тазартылып жатыр. Мұнда көп қабатты тұрғын үй мен перзентхана зақымданып, 11 автокөлік жарамсыз болып қалған. Ал үш адамның өмірін қиған жарылыстың себеп салдары әлі белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

жарылыс

Жарылыс болған күні Шымкенттегі, облысқа қарасты клиникалық ауруханаға бес адам жедел түрде жеткізілді. Оның бірі ауыр дене жарақатын алып, операциядан соң жан тапсырды. Бүгін тағы бір науқастың жақ сүйегіне операция жасалды. Дәрігерлер науқастардың жағдайы тұрақталып, психологиялық көмек көрсетіліп жатқанын айтады.

“Қазір төртеу. Ортопедияда үшеу, тағы бір жағы сынып жатыр. Көбінесе денелерінде шыны қалдықтары бар. Гематомалары бар. Бір науқастың миы шайқалған, реанимациядан шықты. Бір қалыпты дұрыс”, – деп мәлімдеді облыстық клиникалық аурухананың ортопед-травматолог дәрігері Сұлтанбек Мұсаев. 

Екі күннен бері қирандыға айналған аумақты үйінділерден тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Жойқын жарылыс салдарынан дәріханаға көрші орналасқан бес қабатты тұрғын үй мен перинаталдық орталыққа зақым келді. Жарылыс толқынының қуатты болғаны соншалық, кірпіштер шашылып, бетон тіреулер ұшып кеткен. 



Асқан жылдамдықпен ұшқан бетон тіреуіш баспананың балконын қиратты. Ал қиыршық тастар үй терезесін сындырып, қабырғаны тесіп тастаған. Абырой болғанда, жарылыс уақытында үйде ешкім болмапты. Енді бүлінген жиһаз бен техниканың санын арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр. Құрамында тұрғын үй иесі де бар.  

“Көбісі қорқып қалған. 5 қабаттың тұрғындары өз үйлерінде тұра алмайды. Басқа жақта тұруға мәжбүр болып тұр. Үйді жөндеп берсе, жарылысқа дейінгі қалпына келтіріп берсе деп талап етеміз”, – дейді тұрғын Олжас Қонысов.   

“Біздің пәтерде тұру қауіпті. Өйткені бетон плитасы опырылып кетті. Ол кез келген уақытта опырылып түсуі мүмкін. Ал көршілеріміздің үйлеріндегі қабырғалар құлаудың аз-ақ алдында тұр. Сондықтан көбі туысы мен достарының үйін паналап жүр. Ал басқа баратын жері жоқ адамдар қауіпті болса да өз үйінде қалды”, – дейді қала тұрғыны Александра Литвинова. 

Үй маңында үйіндіге айналған жаралыстың қалдығын тазартуға қажетті техника күші жұмылдырылған. Екі қабатты дәріхананың зертхана аумағында болған жарылысқа кімнің кінәлі екенін құзырлы органдар анықтап жатыр. Қылмыстық іс ашылып, сотқа дейінге тергеу жүріп жатыр. Еңбекші аудандық әкімдігі де әзірге материалдық шығынды кімнің өтейтіні содан кейін ғана белгілі болады, дейді.  

“Бүлінген шатырды бөлшектеп қайта қалпына келтіруге тырысып жатырмыз. Бүгін тұрғындармен бірге пәтірлерді аралап, шығын көлемін есептеуге кірістік. Осылайша ақау актісін жасап, зақым келген мүлікке санақ жүргіземіз. Одан кейін кінәлілер анықталса соның есебінен шығын өтеледі”, – деді Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Александр Малахов. 

Бүгінде аталған жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды. Ал №1 облыстық перинаталдық орталықтың жұмысын қашан жалғастыратыны тексеру жұмыстары аяқталғанан кейін белгілі болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр