Сарбаз Бекбол Мираштың өлімі: Сот командирді "Өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша ақтап алды
Жамбыл облысында борышын өтеген Бекбол Мираштың өліміне қатысты сот үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот сарбаздың өліміне қатысты күдікті деп танылған командирі Айбек Нұртаевқа қатысты үкім шығарды.
Сот үкімімен Нұртаев "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша ақталып шықты. Дегенмен Қылмыстық кодекстің "Лауазымын асыра пайдалану" және "Бопсалау" баптары бойынша кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бірақ 18 жастағы сарбаздың денесіне өзге сарбаздардың биоматериалы қалай келгені белгісіз болып қалды.
Еске салайық, Бекбол Мираштың өзіне қол салғаны 2022 жылдың тамызында белгілі болған еді. Ал сот-медициналық сараптамалар нәтижесінде марқұмның ауыз қуысы мен киімінде ер адамдардың биоматериалы болғаны анықталған.
Талқылау

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
Маманның сөзінше, тарихи тұрғыда қор нарығы құлдыраған кезде алтынға сұраныс артады

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады