Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сандарды түсінде көріп, ұтыс әкелген билетті қоқыстан тапқан: Лотерея жеңімпаздары өз оқиғалары жайлы айтты

Лотереяда жеңіске жетуді біреулер тылсым күштермен байланыстырса, ендігілері логика мен математикамен қатыстыруды жөн көреді. Лотерея бір сәтте байлыққа кенелудің ең оңай жолы екені белгілі. Ойын тарихында өмірінде бірінші рет билет сатып алып, миллионер атанғандардың да хикаясы кездеседі. Бүгінгі материалымызда біз лотерея ұтысымен байланысты ең қызықты оқиғалар жайлы айтпақпыз. 

"Сәтті Жұлдыз" лотереяларының жеңімпаздары

Кітап - "алтын" қазына

2019 жылы канадалық Николь Педно мен Роджер Ларок немерелеріне үй жұмысын орындауға көмектесіп жатқан кезде кітаптардың ішінен бір жыл бұрынғы лотерея билетін тауып алыпты. Бұл билет лотереяда 2018 жылы сәуірде ойнатылған көрінеді. Ең қызығы, ерлі-зайыптылар ұйымдастырушыларға жолыққанда билеттің 750 000 долларлық ұтыс алып келгені белгілі болған. Олар тағы екі күнге кешіккенде ұтыс күйіп кеткендей екен. Қуанышқа орай, Николь мен Рожер ұтқан ақшаларын алып үлгерген. 

"Егер немереме Жапония жайлы баяндама құрастыруға көмектеспегенімізде біз ұтысымыздан бейхабар болып жүре беруші едік", - депті Николь Педно.



Ең қомақты шайпұл

АҚШ-тың Роберт Каннингем есімді тұрғын бір мейрамханада 8 жыл бойы тамақтанып жүрген. Бір күні кешкі ас ішкен соң ақша төлеудің уақыты келгенде дәмхананың тұрақты қонағы егер қалтасындағы лотерея билеті ақша ұтса, жартысын саған беремін деп даяшы қызға ұсыныс жасаған көрінеді. 

Осылайша мейрамханада 24 жыл бойы жұмыс істеген Филлис Пензо есімді келіншек тарихтағы ең қомақты шайпұлға ие болған. Роберт Каннингем әлгі лотереядан 6 000 000 доллар ұтып, жартысын уәде еткендей даяшыға сыйлаған. 

Аталмыш оқиға бойынша тіпті "Қуанышты жағдай" ("Счастливый случай") фильмі түсірілді. 

О дүниеден қайтып, екі рет байлыққа кенелген 

90-жылдардың соңында Австралия тұрғыны Билл Морган көлік апатына түсіп, жүрек талмасына ұшырапты. Ол 14 минут бойы клиникалық өлімді өткеріп, артынша қайта тірілген көрінеді. 12 күннен кейін Билл ауруханадан шығарылған. Дәрігерлердің сөзінше, ұзақ уақыт бойы жүрегі тоқтап қалған азаматтың әдетте жүйке жүйесі мен миына зақым келетін көрінеді. Алайда ер азаматтың денсаулығына нұқсан келмеуі оларды таңғалдырған. 

Ауруханадан шыққан ол лотерея билетін сатып алып, одан құны 17 мың доллар болатын көлік ұтып алған екен. Жолы болған азамат жайлы естіген телеарна өкілдері ол туралы сюжет түсіру үшін Биллге тағы бір билет сатып алуын сұрайды. Бұл жолғы билет аустралиялық тұрғынға 170 мың доллар ұтыс әкелген. 

Студенттік шақтан келе жатқан арман

Қызықты оқиғалар  біздің елімізде де орын алды. Мәселен, 2020 жылы 21 қарашада атыраулық зейнеткер "Сәтті Жұлдыз" ұйымдастырған "Loto 6/49" лотереясынан 109 миллион теңгелік ұтыс иеленді. Жеңімпаз лотерея ойнауды сонау студент кезінен бері ермек еткен. Ол  бір күні сәті міндетті түрде түсетініне сенген. 

"Джекпот ұтқанымды білгенде түнімен ұйықтай алмай шықтым. Қуаныштан не күлерімді, не жыларымды білмедім. Джекпот ұтамын деген ой үш ұйықтасам түсіме кермепті. Студенттік кезден бері лотерея ойнап келемін. Мұнда ең бастысы үміттің үзілмеуі керек, сонда ғана сен міндетті түрде жеңесің. Мен алдағы уақытта да лотерея ойнаймын", - деді 66 жастағы зейнеткер. 

Ол ұтқан ақшасын қайырымдылыққа және 11 немересіне жұмсайтынын жеткізген.

Айта кетейік, жеңімпаз негізі жаңа көлік иеленгісі келіп, "Авто аңшылық" науқанына қатысу үшін лотерея билетін сатып алған. Бүгінде сіз де су жаңа Toyota Camry автокөлігінің ұтысына қатыса аласыз. Ол үшін алты комбинациялы "Loto 6/49". билетін сатып алып, "Сәтті Жұлдыз" сайтында тіркелу қажет.

Толық ақпаратты мына сілтемеден оқуға болады. 



Көріпкелдік түс

Ресейлік Илья Матвеев жеңіс әкелетін сандар комбинациясын түсінде көріпті. Алғашында оған мән бермеген ер адам кейіннен бұл сандарды лотереяда қолдануға бел буған. Айтуынша, ер азамат егер бұл жолы ұтпаса, біржолата лотереядан бас тартпақшы да болыпты. Дегенмен соңғы лотереяға қатысуым деген оның бақытына орай, бұл сандар тізбегі оған 9 237 768 рубль (51 961 902 теңге) ұтыс әкелген. 

Қолда бар алтыннан айырыла жаздаған

Джозеф Коббс есімді америкалық азамат бір күні дүкендегі сатышудан 650 000 доллар ұтқан жеңімпаз табылмай жатыр дегенді естіпті. Өзінің де жақында лотерея ойнағанын еске түсірген ол дереу үйіне барып сол билетті іздей бастайды. Десек те бір жапырақ қағаз еш жерден табылмапты. Амалы таусылған Джозефке оның қалыңдығы көмектескен көрінеді. Ең ақыры, лотерея билеті тамақ қалдықтары мен басқа да заттардың арасынан қоқыс жәшігінде табылған. Абырой болғанда, ол ұтқан ақшасына еш кедергісіз қол жеткізіп, жартысын қалындығына арнаған. 

Лотереяға сеніп, пәтерлі болды

Лотереядан тек ақша ғана емес, пәтер де ұтуға болады. Оның айқын дәлелі - елордалық Азамат есімді тұрғынның жеңісі. Ол 28 наурызда "Сәтті Жұлдыздың" "Telebingo" лотереясына қатысып, енді міне баспаналы болды.

Азамат Нұр-Сұлтандағы ЖОО-лардың бірінде оқытушы болып қызмет атқарады. Сөзінше, ол соңғы екі жылда тұрақты түрде лотерея ойнап келеді. 

"Әр апта сайын лотерея ойнаймын. лездік лотереяларға қарағанда тираждық лотерея ойнауды жөн көремін. Лотереяға жүз пайыз сенемін және барша қазақстандықтарға ойнауға кеңес беремін", - деді ол. 

Ескерту. Лотерея ойынын қаражат табу және инвестициялау амалы ретінде емес, ойын-сауық ретінде қарастыру керек. Лотереяға қатысу қаржылық қиындықтарды шешудің амалы бола алмайды. Лотереяны 18 жастан бастап ойнауға рұқсат етілген.


Лотерея табыс көзі бола ала ма?

Талқылау