Әйел бір ай бойы қалтасында байлықтың кілтін алып жүргенін білмеген
Австралияның солтүстік аумағындағы Дарвин қаласының тұрғыны бір айдан астам уақыт бойы лотерея билетін қалтасына салып ұмытып кеткен. Ол өзінің байлықтың кілтін өзімен бірге алып жүргенін білмеген де, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол лотерея билетін 9 қаңтарда дәріханада сатып алған екен. Ол билетті уақытында тексермегендіктен, бір айдан кейін жеңіске жеткені туралы білген.
"Осы демалыс күндері ұтыс ойынына билет сатып алдым. Сол кезде алдыңғы алған билетімді тексергенде ғана білдім", - дейді өзінің жеңісін аяқасты білген австралиялық тұрғын.
Нәтижесінде ол миллион австралиялық доллар (324 миллион теңгеге жуық) ұтып алды. Алынған ақшаға әйел баспана үшін несие төлеп, бірнеше гауһар сатып алмақшы.
Шымкентте тұрғындар белгісіз себеппен уланып, балалар көз жұмды
27 жастағы келіншек пен қос перзенті және 15 жастағы студент қыз жалдамалы пәтерге жарты жыл бұрын көшіп келген екен
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"