Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотереяда қалай жеңіске жетуге болады: Жеңімпаздар ұсынатын бес әдіс

Әлем бойынша миллиондаған долларлар сан түрлі лотереяларда ойнатылуда. Қазақстан да бұл үрдістен қалыс қалып жатқан жоқ. Лотереяда сәті түсіп, жеңімпаз атанғандар жайлы естіп те жүрміз. Дегенмен әрбіріміздің көкейімізде лотереяны қалай ұтып алуға болады деген сұрақ туындайды. Бүгінгі материалымызда лотереяда жеңімпаз атануға көмектесетін бес әдіс жайлы сөз қозғамақпыз. 

лотерея

Лотереяда жеңіске жету - айы оңынан туу деген сөз. Дегенмен жеңімпаз атануға жағдай жасауға болады екен. Лотереяда түрлі әдістерді қолдануға тыйым салынбаған. Осыған орай, сіздерге лотереяда ұту мүмкіндігін ұлғайтатын бес тәсілді ұсынамыз. 

№1 Әдіс: Жеңу мүмкіндігін есептеу

Лотереяда ойыншының билет таңдауына әсер ететін екі дүние бар: алғашқысы - бас жүлденің мөлшері, екіншісі - ұту мүмкіндігі. Көп жағдайда бұл екеуі бір-біріне қарама-қайшы бағытта орналасқан. Яғни, егер жеңімпаз атану ықтималдылығы жоғары болса, ұтыс мөлшері де төмен. Сәйкесінше, егер лотерея қатысушылары жиі жеңіске жетсе, қомақты қаражат жиналып үлгермейді. Егер сіздің басты мақсатыңыз лотереяға қатысу емес, ұтысқа ие болу болса, онда жеңу мүмкіндігі жоғарысын таңдаған жөн. Мысал ретінде "Сәтті Жұлдыз" ұсынатын "ALGA, QAZAQSTAN!", "Таға", "Алтын" және т.б. лездік лотереяларды келтіруге болады. 

№2 Әдіс: "Көп тираждылық" 

"Көп тираждылық" - тәсілі сандардың белгілі бір қатарының сәттілігіне сенетін адамдар үшін тағы бір тамаша мүмкіндік. Кей лотереяларда сіз бір сандар тізбегімен бірнеше тиражға қатыса аласыз. Ол үшін тек билет сатып алып, сандарды белгілеген кезде қатысқыңыз келетін ұтыс тиражының санын таңдасаңыз жеткілікті. Әрине, қосымша тираж таңдар кезде билет құны өседі, алайда сіз сүйікті сандар (әдетте, мұндай сандар ойыншы өмірінің бақытты сәттерімен немесе сәттілікпен байланысты) тізбегінің бірнеше ұтысқа қатысатынынан сенімді боласыз.

Айта кетерлік жайт, бұл тәсілді тек қатысушы сандарды өзі таңдайтын лотереяларда ғана іске асыруға болады. 

№3 Әдіс: Тізбекті кеңейту

Жеңіске жету мүмкіндігін арттыратын тағы бір амал кеңейтілген тізбек болып табылады. Мысалы, "Сәтті Жұлдыз" ұсынатын "LOTO 5/36" лотереясын алып қарайық. Мұнда билетте ең азы 5 сан тігуге болса, онда кеңейтілген тізбек арқылы сіз 6 не 7 сан таңдай аласыз. Әрине, бір қатарда барлық санды таңдау мүмкін емес, десек те әртүрлі лотереяда рұқсат етілген сандар қатары да әртүрлі болады. Кеңейтілген тізбекте сандар қатары көп болған сайын, билет құны да көтеріледі. Алайда сандардың көп болуы да сіздің жеңіске жету мүмкіндігін жоғарылатады. Кеңейтілген тізбек барлық лотереяда рұқсат етілмейтінін атап өткен дұрыс. 

№4 Әдіс: Лотерея қауымдастығы

Лотерея қауымдастығы (синдикаты) - лотерея билеттерін бірігіп сатып алып, лотереяға бірге қатысатын ойыншылар тобы. Егер лотерея билеті жеңіс алып келсе, ұтыс олардың арасында теңдей етіп бөлінеді.  Бірнеше адам бір тираждың көп билеттерін сатып алу арқылы жеңімпаз атану мүмкіндігін артыра алады. 

№5 Әдіс: Үлестіру тираждары

Үлестіру тираждары - жинақталған бас жүлде лотерея қатысушыларының арасында бөлінетін ерекше ұтыс түрі. Көптеген лотереяларда егер ешкім ұтпаса, жүлде келесі тиражға өтеді. Ал егер бір жыл ішінде ешкім джекпот иеленбесе, онда үлестіру тираждары ұйымдастырылады. Үлестіру тираждарында әрбір кішігірім сома иеленген қатысушы өз ұтысынан бөлек, бас жүлденің бір бөлігіне қол жеткізеді. Мұндай тираждар жиі ойнатылмайды, бірақ ұтысқа қатысу әрбір ойыншыға пайда әкеледі. 

Сонымен сіздер лотереяда жеңіске жетудің амалдары жайлы білдіңіз. Ал бұл әдістерді тәжірибеде қолданудың таптырмас мүмкіндігі сіздер үшін 28 наурыз күні тумақ. Бұл күні "Сәтті Жұлдыз" жаңа пәтердің иелену мүмкіндігін сыйлайды. Ол үшін Telebingo лотереясын "Қазпошта" бөлімшелері арқылы немесе онлайн сатып алып, ойынға тіркелу қажет. Бұған қоса, ұтысқа SMS жолдау арқылы қатысуға болады. Жеңімпаздарды анықтау кездейсоқ сандар генераторы арқылы жүзеге асырылады. Алған билеттеріңіздің саны барынша көп болған сайын, жаңа үйді ұтып алу мүмкіндігі де жоғарылайды. 

Толық ақпаратты "Сәтті жұлдыз" сайтынан оқуға болады. 

Ескерту. Лотерея ойынын қаражат табу және инвестициялау амалы ретінде емес, ойын-сауық ретінде қарастыру керек. Лотереяға қатысу қаржылық қиындықтарды шешудің амалы бола алмайды. Лотереяны 18 жастан бастап ойнауға рұқсат етілген.

Талқылау