Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева бұрымдыларға шаш өрудің түрлі әдістерін үйретіп жүр (видео)

ХХІ ғасырда шолпы таққан бұрымды қыздар жоқтың қасы! Қазіргі қыздар шаш үлгісінің неше түрін жасап, тіпті шашын қызыл-жасыл түске бояудан тартынбайды. Ал бұрындары аналарымыз шаш күтіміне ерекше мән берген, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Салтанат Бақаева

Салтанат Бақаева шашына қайшы тигізгенді аса ұнатпайтын әншілердің қатарында. Өнер иесі, тіпті босанғаннан кейін зақым келген шашын қиғысы келмей жүргенін айтады. Бұл орайда зақымдалған шашты қалыпқа келтіру үшін Салтанаттың өз әдісі бар. Ол – қазаққа таңсық емес, бар болғаны қарапайым шаш өру “тәсілін” қолданады.

“Иә, бала туғаннан кейін шашым аздап құртылып қалды. Ұштары ұштанып, енді кесуге тура келіп тұр. Бірақ қолым бармайды. Ұзындығын аяймын. Бірақ “зақымдалған” шаштан пайда жоқ екенін де білемін. Әрі енді шаш өре алмаймын деп уайымдап жүрмін”, – дейді Салтанат.

Бұл ретте Салтанат бар білгенін өзгелерге де үйретуді қолға алған. Ол Instagram-дағы парақшасы арқылы бұрымдыларға шаш өру тәсілдерін үйретіп жүр.

Оқи отырыңыз: 

Мәдинаға не болған: Желіде Сәдуақасованың суреті қызу талқыға түсті

Джах Калиб пен Ғалымжан Молданазар дуэт жаздырмақ

Қазақ тіліне арналған күн: Баян Алагөзова жанкүйерлерін таңғалдырды (видео)

Жұрт жаңа босанғанына қарамастан тойға шығып кеткен Салтанатты сынап тастады

Талқылау