Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салынғанына 72 жыл болған: Алматыда тұрғындар тұрғын үйлерін сүруді талап етіп, наразылыққа шықты

Алматыда тұрғындар үйін сүруді талап етіп, наразылыққа шықты. 1950 жылы салынған екі қабатты баспананың төбесі құлауға шақ тұр. Жаңбыр жауса, пәтердің іші суға толып, жел соқса, электр сымдары үзілетін үйді ВЕК құрылыс компаниясы бұзып, тұрғындарды жаңа кешенге көшіру керек болған екен. Алайда белгісіз себептермен жұмыс тоқтап тұр. Ал жауапты басқарма мамандары қалада бұзылуы тиіс мыңнан аса үй бар екенін айтып, қазір инвесторлармен келіссөз жүріп жатқанын жеткізді. Бұл туралы Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

видеодан скриншот

Қаланың қақ ортасында орналасқан бұл үйдің салынғанына 72 жыл болыпты. Сол кездің өзінде уақытша тұруға арналған баспананың қазір сау жері қалмаған. Пәтерді мынадай газ баллонмен қыздырып отырмыз деген тұрғындар, қабырғасы ағаштан тұрғызылған үй кез келген уақытта өртеніп кете ме деп алаңдаймыз дейді.   

Қабырғасы сөгіліп, төбесі құлауға шақ тұран үйдің адамдары әр түнімізді жанымызды шүберекке түйіп өткіземіз дейді. Уақыт өткен сайын бұл баспанада өмір сүрудің өзі қауіпті болып бара жатыр деген олар, әкімдік бұл үйді неге әлі күнге дейін сүруге рұқсат бермей жатқанын түсінбейді. 

“Бізге келгенде әкімдік сүруге рұқсатын бермей жатыр. Не үшін бермей жатыр? Бізге түсініксіз. Соған біз білейік деп едік неге бермейді. Точечная застройка деген нәрсе, бұл жақта точечная застройка жоқ”, – дейді Алматы қаласының тұрғыны Назгүл Қапарова. 

Тұрғындардың сөзінше, Шевченко –  Манас –  Жамбыл –  Байзақов көшелерінің шаршысындағы ескі үйлерді ВЕК құрылыс компаниясы сүріп, орнына жаңа кешен салу керек екен. Аталған компания мен тұрғындар арасында келісім де жасалыпты. Бірақ, қала құрылысын бақылау мамандары аталған компанияның құжаттары толық болмай шықты дейді. 

“Бекітілген қағида бар. Қағидада белгілі документтерді ұсыну керек. Ол мемлекеттік қызметті көрсету үшін. Сол документтер дұрыс болмаған үшін отказ берілген”, – дейді Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының бас маманы Ермұхамбет Жүнісқожаев. 

Ескі үйдің қасындағы зәулім тұрғын үй кешенін ВЕК құрылыс компаниясы құжаттары толық болмаса қалай салғаны белгісіз. Бір анығы, бүгін қала әкімі Ерболат Досаев сүрілуі тиіс үйлердің иелерімен кездесіп, жауапты басқармаға үйлер мен инженерлік желілердің жағдайына техникалық аудит жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, Алматыда пайдалану мерзімі өтіп кеткен 1 мың 406 үй бар. 

Талқылау