Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев өзінің «жігіттігіне» күмән келтірген сыншыларға жауап берді

Біраз уақыт бұрын әйгілі «Музарт» тобының әншілері шаштарын тақырлап алып тастауға бекініп, өзара уәделескен. Осылайша «Музарттықтар» 15 жылдық меретойды атап өткеннен кейін біраз уақыт демалуды жоспарлаған. Бұл ретте топ мүшелері Мейрамбек Бесбаев пен Кенжебек Жанәбілов жыл басын шашсыз қарсы алса, Сәкен Майғазиев бұл ойынан бас тартқан еді. Осы себепті желі қолданушылары оның «жігіттігіне» күмән келтіріп, әншіге сын тақты. Сәкен Майғазиев оларға жауап берді.

майгазиев-090217

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Майғазиев өз жазбасында шашты алдырып тастау туралы қалжыңның қашан және неден басталғанын, ал өзінің одан не себепті бас тартқанын түсіндіріп берді.

«Менің тақыр басымды көргісі келгендердің құрметіне. Шаш алдыру туралы достық қалжың 2015-жылдың 21-тамызында айтылған. Ойынның мақсаты 15 жылдық мерейтойдан соң демалу болатын. Ал, менде демалыс болмай тұр. Бір жылдан соң Қазақ Ұлттық өнер академиясына докторантураға түстім. РЭЦК-де дәріс берем. Құдайдың құтты күні сабақ, аккредитация, тексеру, телевизиялық жобалар, мемлекеттік маңызы бар біраз мәселердің басы-қасында болып, бой көрсету, универсиада, жұмыс-жиналыстардың жүгі маған жүктелген. Мұндай “тосынсыйды” күтпеген жеке шаштаразым әрі досым Ұлтуарды (Оля) қатты ренжітіп алдым. 20 жыл бойы басымдағы бес орайы бағындырып келген Олям “Менімен ақылдассаң қайтеді? Ұстарамен алған шашың ұстауға келмей ығыр қылады. 5 ай дегенде 5 орайың бес жаққа бұрылып, “айқайлап” тұратын xәлге әрең жетеді. Жарты жыл бойы жұртшылықтың алдына шықпаймын десең білгеніңді істе, ради бога…” деп бұртиды. Жұртшылықтың назарында жиі жүретін болғандықтан жігіттермен келісіп, мен ойыннан бас тарттым», – дейді әнші.

Майғазиев қалжың болса да, аузынан шыққан сөзі үшін тиісті өтемақысын төлегендігін әңгімеледі.

«Бірақ, қалжыңдасам да аузымнан шыққан сөз ғой деп Алладан қорқып, жігіттерден ұялып, сол ойынның өтемі ретінде 1 миллион теңге мұқтаж жанжарға беріп, жария садақа жасадым. (Садақа жасырын, жария болып бөлінеді.) Өтем туралы түсініктеме: Қажылыққа барған адамның Арафат тауында тұрып дұға тілеуі, қасиетті Қағбаны 7 рет тәуәп етуі – парыз. Одан кейінгі Сафа және Мәруә таулары арасында жасайтын жеті сағи уәжіп амалдарына жатады екен. Түрлі себептермен сағи жасай алмаған адамға бір қой құрбандық шалу арқылы өтемін жасауға рұқсат етілген. Сафа, Мәруә сағиының қасында достар қалжыңы не, тәйірі?! Сосын, шариғатта қалжыңдауға болмайтын бірнеше мәселе бар екен. Мыс: Ері әйеліне “ажырасамын, талақ” деп әзілдеуге, құл иеленуші құлына “азатсың” деп қалжыңдауға болмайды екен. Менің шашым кімге кедергі келтіріп жүргенін білмедім. “Сәкен, неге шашыңды алмайсың?”, “жігіт емессің ба”, “уәде қайда?” деген жандарға жауабым осы. Мен шашымды алсам Қазақстанда кедей қалмайтындай кейитінін қайтерсің кейбіреулердің. Менің жігіттігім шаш алғанға тіреліп тұрған жоқ шығар, иә? Елімізде одан бастан басқа да мәселелер толып жатыр емес пе. Түсініп оқығандарыңызға раxмет. Құшақтадым!» – деп түйіндеді сөзін Майғазиев.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың анасы: Ұлым байқауда қазақ тілінде ән шырқайды

Мақпал Исабекованың кезекті фототүсірілімі көпшілікті шошытты (фото)

Жігер Ауыпбаевтың «Меломен» тобынан кетуіне діннің еш қатысы жоқ

Димаш Құдайбергенов «Америка дауысына» шақырту алды

Талқылау