Сәкен Майғазиев: Мейрамбек үшін дұға тілеңіздерші
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен ауырып, ауруханаға түсті. Әншінің жағдайы туралы айтқан Сәкен Майғазиев халықтан дұға тілеуін өтінді.
Мейрамбек Бесбаев коронавирус жұқтырып аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Бастапқыда пневмониямен ауырған әншіден кейіннен коронавирус анықталған. Әншінің қысымы көтерілгені белгілі болды. Сәкен Майғазиев жан жолдасының жағдайын баян етіп, көпшіліктен көмек сұрады.
"Қайбір жылы Мейрамбек ауырғанда жалғыз ұлымның тілеуін тілемесем де, Мейрамбектің тілеуін тіледім", деп еді бір анамыз. ҚАЗАҚтың бағына туған баласы Мейрамбек бірнеше күн бұрын короновирустың жеңіл түрімен ауырып бастап еді, кеше кешкісін қысымы қатты көтеріліп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. АЛЛАға шүкір, бүгін жеке палатаға шықты. Жағдайы қалыпты. Мұсылманның қаруы - дұға. Әбіләшімұлы Мейрамбек үшін дұға тілеп қойыңыздаршы. ҚАЗАҚтың Мейрамбегі, әулетінің тірегі, "МузАРТтың" жүрегі жүзге жетсін", - деп жазды Майғазиев парақшасында.
Желі қолданушылары мен Бесбаевтың жанкүйерлері, өнер өкілдері ақ тілегін жаудырып, дұға етті.
"Отбасының тірегі, МузАрт тың жүрегі, қазақтың Мейрамбегі, тез жазылып кетіңіз.🤗Алла шипасын берсін. Алаңдап жатқан ағайынға қуанышты хабар, Мейрамбек ағаның жағдайы қазір жақсарып келеді. Аллаға шексіз шүкір. Дұға етіп қойыңыздар ағайын!", - деді Ернар Айдар.
"Кеше жедел жәрдем шақырды. Кенеттен жағдайы нашарлап кетті. Бірінші пневмония деді, кейін коронавирус диагнозы қойылды", – деді "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбай.
"Алла пана болсын", - деп жазды Роза Әлқожа.
"Алла шипа берсін!", - деп жазды Мұхамеджан Тазабеков.
"Алла шипасын берсін, тезірек сауығып халқыңды қуанта бер", - деді Ақбота Керімбекова.
"Алла жеңілдік берсін, - деді Серік Ибрагимов.
"Тезірек сауығып кетуіне тілектеспін!", - деді жас әнші Ержан Максим.
"Алла шипа берсін! Тез оралсын!", - деп тіледі Бейбіт Қошқалиев.
"Алла мың бір шипасын берсін!", - деді дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева.
"Аллаһым шипа берсінші!", - деді Индира Расылхан.
"Алла шипасын берсін! Аттай шауып кетсін!", - деді журнлист Әлия Құдайбергенова.