Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: Көкек өз атын өзі шығарады

Сәкен Майғазиев университеттегі жетекшілеріне қарсы шықты. Яғни ол жетекшілері ұсынған Музарт тобы туралы ғылыми жоба жазудан бас тартты. Әнші өздерінің бағындырар шыңдарының әлі алда екенін жеткізді.

0ждлр

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Қазақ ұлттық Өнер академиясының 1-курс доктаранты Сәкен Майғазиев ғылыми жұмысының тақырыбын әлі таңдамапты. Докторлық диссертациясын Музарт ансамблінің шығармашылығына арнауды жөн санаған әнші кейін бұл ойынан айнып қалғанын айтып жатыр.

«Сара Әлімгерейқызы Күзембаева анамыз – менің ғылыми жетекшім. Осы уақытқа дейін  Пернебек Момынұлы деген профессор әкеміз маған жетекшілік етті. Ол кісімен «Вокалды-аспапты ансамбльдердің қазақ сахнасында пайда болу және дамуы» деген тақырыпты алған болатынбыз. Өзім өнер адамы болған соң соны зерттеп шығуға, өзектілігін анықтауға бар күшімді салдым деп ойлаймын. Әрине, ат үстінде жүрген азаматпыз. Көп ғылымда жүрген ағаларымыздың, әпкелеріміздің, әріптестеріміздің көмегіне жүгінген кездерім болды. Бағлан Дәрібжан деген азамат бар. Ол кісі консерваторияда сабақ береді. Біраз ақпарат жинауыма көмектесті.

Оның үстіне Google апай да жаман кеңесші емес. Десе де ғаламторға енбеген, зерттелуді қажет ететін көп дүниелер бар. Бірақ Пернебек Момынұлы да, қазіргі жетекшім Сара Әлімгерейқызы да маған Музартты зерттеуге кеңес берген болатын. Көкек өз атын шығарады демекші, әлі де бұл тақырыптан бас тартып жатырмын. «Ертең бірдеңе дәлелдеп, жақсы жетістікке жетіп жатсақ, біздің жасағаннан жасайтынымыз көп. Сол кезде жазылса жарасады» деп мен әлі де бас тартып жатырмын. Алла нәсіп етсе, мен басқа тақырып таңдайтын сияқтымын.

Қазір басқа ұлт өкілдеріне, алыс жақ шетелдердегі музыкатанушыларға біздің ұлттық музыкамыз қызық болып тұр. Дәстүрлі әндерді дәріптеу, оның эстрадаға қалай енгені, этнофольклордың эстрадамен байланысы туралы тақырып қозғауға әлі де ұсыныс жасап жатырмын. Шынымды айтсам, Музарттың ашылмаған қырларын басқа біреулердің зерттегені жақсы сияқты. Музарт соншалықты бірнәрсені дәлелдеп тастады деп, биікті бағындырдық деп ойламаймын. Әлі де болсын тобымызға қатысты тақырыпты зерттеуге ұяламын», – дейді Сәкен Майғазиев.


Жіберіп алмаңыз:

Доктарант атанған Тамара Асар әлі де білімін шыңдай түспек

KeshYou-ден кеткен Жұлдыз Өмірғали бұрынғысынан көбірек қаражат таппақ

Асхат Тарғын: Асаба екеуіміз достасып, араласып жүрміз

Балғынбек Имашев: Әйелімді қатты қызғанамын. Төркініне де менсіз бармайды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр