Докторант атанған Тамара Асар әлі де білімін шыңдай түспек

Әнші «Педагогика және психология» мамандығы бойынша алып жатқан білімін жетілдіре түсетінін айтты. Мұнымен қатар, ол студенттердің бірінің өзі туралы ғылыми жоба жазып жатқанын айтып қалды.

16908465_400382740335255_2719267713494024192_n

Фото: instagram.com/tamara_assar_official/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Шетелде концерт бермесе де, үнтаспасын жазып, шығармашылығын шыңдап жүрген Тамара Асар өз білімін жетілдіруге ден қойыпты. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Педагогика және психология» мамандығының докторанты атанған әнші биыл ғылыми біліктілігін арттырып, ғылыми жобаларын қорғау жұмыстарымен жүгіріп жүр екен. Бір қызығы психология бағытында диссертация жазып жүрген әншінің өзі қазақстандық студенттердің дипломдық жұмысының басты тақырыбына айналған.

“ҚызПУ-дың Өнер факультетінде менімен кездесу болды. Сәбина Қошжанова деген студент қыздың дипломдық жұмысының тақырыбы менің шығармашылығыма арналған екен. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деп аталады. Мен үшін, әрине, өзімнің оқыған жерімнің студенттері және соның ішінде артымыздан еріп, өнер саласын зерттеп жүрген жастардың мұндай тақырыпты алуы мен үшін үлкен мәртебе.

Өзімнің алдымдағы өзіме берген кішкентай болса да есебіме бір «+» деген белгі қоюға болады деп есептеймін. Менің тыңдармандарым мені іздеп жатса, менің шығармашылығыма өзінің жұмыстарын арнап жатса, әншінің бір сатыға болса да көтерілгені деп есептеймін. Мұны жасырып айтпай қалуыма да болатын еді. Бірақ мен халықпен бөліскенді жақсы көремін. Сол себепті көп-көп рахмет айтамын”, – дейді Тамара Асар.


Жіберіп алмаңыз:

KeshYou-ден кеткен Жұлдыз Өмірғали бұрынғысынан көбірек қаражат таппақ

Асхат Тарғын: Асаба екеуіміз достасып, араласып жүрміз

Балғынбек Имашев: Әйелімді қатты қызғанамын. Төркініне де менсіз бармайды

Жазира Байырбекова болашақ келінінің сыйлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр