Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира Байырбекова болашақ келінінің сыйлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Әнші Жазира Байырбекова жалғыз ұлы мен болашақ келінінің 8-наурызға әзірлеген сыйын көрсетті.

жазира келінімен

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұған дейін бір жазбасында Байырбекова болашақ келінімен алдын ала танысып алғанын, оны қызындай көретінін жазған еді. Әнші Астанаға барған сайын ұлының сүйіктісімен кездесіп тұратынын да жасырмады. Алайда ол кезде Жазира Байырбекова Аружан есімді қыздың суретін толық көрсетпеді. Тек жарты бөлігін көрсетіп, тыңдармандарын қызықтырып қойған еді. Ал сырға салып, ресми түрде құда түскеннен кейін келінімен таныстыратынын мәлімдеді.

Бұл жолы әнші келіні жасаған сыйды көрсетіп, оның желідегі парақшасын белгілеп қойды. Соған қарағанда Жанболат пен Жазираның да келін түсіретін күні алыс емес секілді.

байырбекова 8наурыз

“Бір қолымдағы сыйлық 5 жыл солмайды дейді. Оны сыйлаған ұлым Қазбек. Ал екінші қолымдағы гүлдің әдемілігі ешқашан естен шықпайды. Оны сыйлаған қызым (болашақ келінім) – Ару. “Жанболат не сыйлады” деген сұрақтар өте көп қойылады. Жакеңнің сыйлығы… Оны көрсетпей-ақ қояйын. Көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын! Ең бастысы бәріміз аман болайық!” – деп жазады Жазира Байырбекова.

Айтпақшы жұлдызды жұптың жалғыз ұлы Қазбек бүгін 20 жасқа толды.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың әкесі анасына гаухар тасты әшекей сыйлады (фото)

Димаш Құдайберген Singer-дің 9-кезеңде екінші орын алды (фото)

Димаш қазақтың «Дайдидау» әнін Азия әндері рейтингіне енгізді

Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты (фото)

Талқылау