Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш қазақтың «Дайдидау» әнін Азия әндері рейтингіне енгізді

Димаш Құдайберген Қытайдағы «Singer-2017» ән байқауының жетінші кезеңінде өнер көрсетіп, қазақ әнін шырқаған болатын, деп хабарлайды Қазақпарат.

001

Димаштығ орындауындағы «Дайдидау» әні «Азияның жаңа әндері» (Freshasia music) рейтингінде 107 341 ұпаймен 15-орынға шықты. Ал,«Adagio» мен «SOS d’un terrien en détresse» әндері 41 және 50-орындарды иеленді.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer жобасының 7-кезеңінде домбырамен “Адай” күйі мен қазақтың халық әні “Дайдидауды” орындап, қытайларды тәнті етті. 

Қазақтың «Дайдидау» әні қытай тілінде де шырқалған еді. Шыңжаңдық әнші Гао Иін (高樱) 2012 жылы осы ән қамтылған халық әндері альбомын шығарып, италияның «Premio Lunezia» сыйлығын жеңіп алған болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Керімбекова тұрмысқа шықты (фото)

Қытайлық жанкүйерлері ерекше тосынсый жасап Димашты таңғалдырды (фото)

Димаш Құдайберген 9-кезеңде әйгілі Селин Дионның әнін орындайды (видео)

Талқылау