Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген 9-кезеңде әйгілі Селин Дионның әнін орындайды (видео)

Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан “I am a Singer” жобасының тоғызыншы кезеңінде әлемге әйгілі канадалық әнші Селин Дионның әнін орындайды.

димаш селин

Бұл туралы желіде қытайлық жанкүйерлер жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Димаш Селин Дионның репертуарындағы “All by myself” әнін орындамақ. Лирикалық мұңға толы ән Димашқа бұл кезеңде сәттілік алып келеді деп сенеміз.

Айта кетейік, алдағы сенбіде жобаның 8-кезеңі эфирден көрсетіледі. Онда Димаш танымал қытай әнін орындамақ. Есте болса, Димаштың бұл кезеңде 5-орын иеленгенін жазған едік. Димаштың тамағы ауырып қалғандықтан ол әнді өз деңгейінде орындай алмаған.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайда жүрген Димаш елдегі анасының құшағын гүлге толтырды

Димаш: Бүгінгі қыз – ертеңгі Ана, ал әлемді тек сіздер ғана тербете аласыздар

Тыңдармандар әнші Әдемінің ұятты жерінің көрініп қалғанын айтып сынады

Жолдасы Баян Нұрмышеваға Мысыр елінде естен кетпес тосынсый жасады

Талқылау