Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандар әнші Әдемінің ұятты жерінің көрініп қалғанын айтып сынады

Әнші Әдемінің кезекті жарияланымы желі оқырмандарының назарын аударып қана қоймай, оларды ұрыстырып қойды.

imgonline-com-ua-Resize-2vCveeRGcK6IpR

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Бірден айтайын, ұят жоқ. Не үшін қарап отырсыңдар, егер осы сурет ұят, мынау қыз масқара ғой, қанша адам көріп тұр, не деген жаман қыз, әртіс өзі”, – деп жазып қойды әнші.

Оның бұл жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік Әдемінің ұятты жерінің көрініп қалғанын айтып, айыптады.

“Сізді жақсы көруші едім, әндеріңізді сүйіп тыңдайтынмын, мына қылығыңыз болмады, сыйлауға тұрмайды”, “Ұялмайды екенсің, төсіңді де бүкіл елге көрсетпедің бе Ники Минаж ұқсап”, “Бір баласы бар ана, балаңа беретін тәрбиең осы ма? 2 дипломым бар дейсің, бір сөзді қатесіз жаза алмайсың”, “Енді төсіңді көрсету қалды, Ники Минаж сияқты көрсетсей, бомба деген сайын құтырасыңдар, ұят болу керек қой адамда, қанша дегенмен қазақтың қызысың”, – деп сөкті олар.

Осылайша Әдемі өзіне үнемі сын айтатындарға қарсы шықты. Ол желіде дау тудырған бұл суретін тыңдармандарының адалдығын тексеру үшін жүктеген екен.

Ол өзінің қылығын теріс әрекетке балап, жағымсыз пікір білдірген 100 адамды бұғаттап тастағанын мәлімдеді.

“Мына суретті жүктегенім қандай жақсы болған деп ойлап отырмын. 100-ге жуық адамды бұғаттап тастадым, жаным тынышталып қалды. Шынайы өмірде менің айналамда ең адал әрі ең таза адамдар жүреді, осы жерде де тек шынайы оқырмандарымның қалғанын қалаймын, соған қол жеткіземін. Бұл суретті әдейілеп жүктедім, ал нәтиже ұзақ күттірмеді. Түсіністікпен қараған жандарға рахмет, барлықтарыңызды жақсы көремін, ал қалғандар мазамды алмас деп ойлаймын”, – деп түсіндірді Әдемі.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайда жүрген Димаш елдегі анасының құшағын гүлге толтырды

Жолдасы Баян Нұрмышеваға Мысыр елінде естен кетпес тосынсый жасады

Салтанат Бақаева: Маған күш-қуатты балаларым береді

Қарақат Әбілдина бесінші сәбиін қашан дүниеге әкелетінін айтты

Талқылау