Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KeshYou-ден кеткен Жұлдыз Өмірғали бұрынғысынан көбірек қаражат таппақ

Жұлдыз Өмірғали KeshYou тобынан кеткен болатын. Десе де, бойжеткен өзінің жұлдызы жанар сәттің әлі алда екенін айтып жатыр.

17076237_1378756718848408_2052447540841807872_n

Фото: instagram.com/zhuldyzomirgali_official/

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Жұлдыз Өмірғали продюсерлердің қалауымен KeshYou тобынан кеткен болатын. Ол Esentai продакшн орталығында қалғанымен, әзірге тұрақты жұмысы жоқ. Осы орайда аталған бағдарламаның журналистері оған «Қазір ақшадан қысылып жүрген жоқсыз ба?» деген сауал қойды. Ол өз кезегінде болашаққа артар үмітінің мол екенін жеткізді.

«Қазір төзіп білуім керек. Уақыты келгенде ол қаражаттың барлығы қайтып келеді. Бәлкім бұрынғысынан да көбірек келер. Одан үмітіміз үзілмейді», – дейді Жұлдыз Өмірғали.


Жіберіп алмаңыз:

Асхат Тарғын: Асаба екеуіміз достасып, араласып жүрміз

Балғынбек Имашев: Әйелімді қатты қызғанамын. Төркініне де менсіз бармайды

Жазира Байырбекова болашақ келінінің сыйлығын көрсетіп мақтанды (фото)

Қайрат Нұртастың әкесі анасына гаухар тасты әшекей сыйлады (фото)

Талқылау