Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сақалды әйел: Сақалы 15 сантиметр болатын түркістандық әжей бетіндегі түгімен танымал болды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы көпұлтты Тұрбат ауылында 70 жастағы Мұхтабар Тораеваны танымайтын адам жоқ шығар. Ол бұл өңірге өзіндік ерекшелігі – сақалы арқылы  жақсы танылған.

Сақалды әйел: Сақалы 15 сантиметр болатын түркістандық әжей бетіндегі түгімен танымал болды

Жергілікті тұрғындарға осындай ерекшелігімен танымалған әйел Sputnik Қазақстанға берген ашық сұхбатында, өткен өмірі жайлы және сақалын не себептен қырмайтынын айтты, деп жазады Stan.kz.

Оның сөзінше, сақалы оны басқаларынан ерекшелеп тұрады. Сақалды әжейді таныстарының бәрі  құрметпен Мұхтабар апа деп атайды. Сақалымен ерекшелінген әжей үлкен отбасында дүниеге келген. Әйелдің бетіндегі түктер әдеттегіден тыс нәрсе емес. Оның анасы мен әжесінде және әпкесінде де сақал болған.

Сақалды әйел: Сақалы 15 сантиметр болатын түркістандық әжей бетіндегі түгімен танымал болды

«Менікі 34-35 жасымнан бастап өсті. Ол кезде мен тұрмысқа шыққанмын және ұлым мен қызым бар еді. Бетімдегі түкке әдеттегідей қарадым, оның үстіне ол соншалықты көп болмады. Бірақ, уақыт өте келе көбейе бастады», – дейді Мұхтабар апа.

Әжейдің есімі Мұхтабар болғанымен, өңірдегілердің көпшілігі оның шын атын білмей, «сақалды» деп атайды екен.

 

Дегенмен, әжейдің жұбайы әйелінің бұл ерекшелігін мақтан тұтқан көрінеді. Ол бәріне мұндай әйел ешкімде жоқ деп жүретін, дейді Мұхтабар апай есіне алып.

Сақалды әйел: Сақалы 15 сантиметр болатын түркістандық әжей бетіндегі түгімен танымал болды

Елу жыл бойы аяқ киім тігуші болып жұмыс істеген Мұхтабар апайдың жұбайы жеті жыл бұрын өмірден озған.

«Маған сақал өскен кезде, ол бұған оғаш нәрсе ретінде қараған жоқ. Керісінше, ол мұны Алланың сыйы деп, қамқорлық жасау керек екенін айтты. Күйеуім маған қолдау көрсетіп тұрса, неден қорқуым керек? Ол тіпті әйелінің осылай танымал болғанына қуанды» – дейді әжей.

Мұхтабар Тораева сақалын 35 жыл бойы қырмаған. Ол ораза айы кезінде болған әңгімесімен де бөлісіп, не себептен сақалын қырмағанын айтып өтті. Ораза кезінде оған қарт әжей келіп, сақалды ешқашан қыруға болмайтынын айтқан екен.

Сақалды әйел: Сақалы 15 сантиметр болатын түркістандық әжей бетіндегі түгімен танымал болды

«Сақалымды қырсам, ауырып қалуым мүмкін екенін айтты. Ол өзімнің ерекше еместігіме сендірді. Ал менің отбасымда емдеуге қабілеті бар адамдар болған. Менің атамның әкесі атақты молда және  біреуді емдейтін қасиеті болды», – деп есіне алады Мұхтабар апа.

Бүгінде әжейдің сақалының ұзындығы шамамен 15-16 сантиметр. Бірақ, соңғы уақытта сақалына да аздап ақ түсе бастапты.

Әңгіме барысында Мұхтабар апа атақты болуына себеп болған сақалын мақтан тұтатынын айтты.

«Ташкентке жиі барамын, онда тіпті шекаралық бақылау қызметкерлері де мені жақсы таниды. Үш жыл бұрын көзіме ота жасаттым. Шынымды айтсам соқыр болып қаламын деп қорықтым. Аллаға шүкір бәрі сәтті өтті. Ташкенттік дәрігер мені өз анасындай қабылдады. Шекарадағылар да әрдайым денсаулығымды сұрап, отбасым сияқты болып кетті. Кейбір бейтаныс адамдар тіпті мені қажылыққа барған деп ойлайды. Олар солай айтқанда ұялып кетемін. Өйткені денсаулығым қажылыққа баруға мүмкіндік бермейді», -дейді әжей.

Қазақстандық сақалды әйелді әртүрлі елдерден түсірілімге де шақырған. Алайда, жасына байланысты ол журналистерден бас тартуға мәжбүр болды. Бірақ жақында Мұхтабар апай украиналық бағдарламаның эфиринде сөйледі. Ол ғаламтор желісі арқылы өсіп келе жатқан сақалынан ұялған 18 жастағы қызға кеңес берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау