Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сағат 18:00-ге дейін қазақстандықтардың 73%-і дауыс берді

Қазақстан халқы республика бойынша 10 мыңға жуық сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00 кезінде қазақстандықтардың 72,9%-і дауыс берді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов мәлімдеді. 

Оның ішінде:

Ақмола облысы бойынша – 81,0%

Ақтөбе облысы – 84,1 %

Алматы облысы – 86,3 %

Атырау облысы – 71,1 %

Шығыс Қазақстан облысы – 77,2%

Жамбыл облысы бойынша – 73,8%

Батыс Қазақстан облысы – 66,2%

Қарағанды облысы – 72,8%

Қызылорда облысы – 69,1%

Қостанай облысы – 81,1%

Маңғыстау облысы – 65,7%

Павлодар облысы – 73,1%

Солтүстік Қазақстан облысы – 75,7%

Түркістан облысы – 78,8%

Нұр-Сұлтан қаласы – 63,7%

Алматы қаласы – 49,2%

Шымкент қаласы – 63,6%.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді. Түскі сағат он екіге дейін халықтың 35%-і дауыс берді.

Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-дегі жағдай бойынша елдегі сайлаушылардың 51,8%-і дауыс берді. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 66%-і дауыс бергені белгілі болды

Талқылау