Садақшыларымыз әлем кубогінің алтынына таласады
Қазақстандық садақшылар Түркияда өтіп жатқан әлем кубогінің ақтық сынына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Садақ атудан Қазақстан құрамасының мүшелері Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан әлем кубогінің финалына шықты. Садақшыларымыз блоктық садақ атудан аралас командалық сынның алтын жүлдесі үшін Ұлыбританияға қарсы ойнайды. Сондай-ақ турнир барысында қазақстандықтар Бразилия, Словения мен Италия құрамасын ұтты.
Айта кетейік, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы кездесу 22 маусымға жоспарланған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"

