Рүстем Жүгінісов: "Ер адамның сұлулығы сақалында"
Әншілікті тастап, дінге бет бұрған Рүстем Жүгінісов әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқырманның: “Сұлулығыңыздың сыры неде?” деген сауалы Рүстемді ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Бұл сауалға экс-әнші: “Бұл сұрақты ер адам қойып тұр. Менің ойымша ер адамның сұлулығы – сақалында, салмақтылығында. Қызық сұрақ, көңіл-күйімді көтердіңіз, бауырым. Алла разы болсын. Мен өзімді керемет сұлумын деп айта алмаймын. Негізі Алла өзінің әр жаратылысын көркем, сұлу қылып жаратқан ғой”, – деп жауап берді.

Бұған дейін Рүстем Жүгінісов өнерден кеткеніне 2 жыл уақыт болғанын, өзінің басқа жолды таңдағанын айтқан болатын.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік