"Басқа жолды таңдадым": Рүстем Жүгінісов өнерді тастағанына екі жыл болғанын айтты
Ағайынды Жүгінісовтердің үлкені Рүстем Жүгінісов өнерден кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр
Оқырманның: “Мираспен “feat” жазатын ойыңыз бар ма?” деген сауалына Рүстем Жүгінісов: “Күейін бе, жылайын ба? Мұндай сұрақтар қоймағалы біраз болып еді. Сіздер менің ән айтуды қойғаныма екі жыл болғанын білесіздер ме? Мына түріммен Мираспен қалай ән жазамын? Мен басқа жолды таңдадым. Мен әнші емеспін. Сондықтан Мираспен ән жазбайтынымды біліп жүріңіздер. Мұндай сұрақ қйомауларыңызды сұраймын”, – деп жауап берді.
Рүстем Жүгінісов өнерден түбегейлі кетіп, дін жолына түскен болатын.
Алайда желі қолданушылары сақал қойған Рүстемді танымай қалды.
“Не болып кеткенсің?”, “Адасқан жан”, “Түрің бар болсын”, “Сақалыңды алып тасташы”, “Сақалың беліңе түсіп тұр”, – деп сынап тастады желідегілер.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы
Ата-ана: "Балабақша қалдырмайды, даярлық сынып қабылдамайды"