Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рудныйдағы егіздердің өлімі: Балалардың ұшынғаны анықталды

Рудныйдағы жұртты дүрліктірген егіз баланың жұмбақ өліміне қатысты сараптама нәтижесі шықты. 6 жастағы бүлдіршіндердің ұшынғаны расталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

жедел жәрдем

Еске салайық, егіз бала қазанның он екісі күні жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер "ұшыну" диагнозын қойған. Алайда анасы оны жоққа шығарған еді. Инфузиялық терапия жүргізіліп, түгел анализдері алынған соң егіз баланы анасы үйіне алып кетеді. Ақ халаттылар балалардың әлсіз екенін, бірнеше күн бақылауда болу керектігін ескерткен.


Рудныйдағы егіздердің өлімі: Полиция "балалар есірткіден улануы мүмкін" деген ақпаратты жоққа шығарды


Ал қала тұрғындары әлеуметтік желіде қайғылы жағдайға байланысты бірнеше аудио хабарлама жариялап, ағайынды балалардың кәмпит тектес есірткіден ұшынғанын айтты. Полиция тергеу аясында тағы бір сараптама тағайындалғанын хабарлады. Соның нәтижесіне сәйкес егіз баланың нақты неден ұшынғаны анықталмақ.

Еске салсақ, Қостанай облысы Рудный қаласында 6 жасар екі бала түсініксіз жағдайда көз жұмды.

Талқылау