Рудныйда жылу магистралінде тағы да апат болды
Рудныйда жылу магистралінде тағы да апат болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Горняков көшесінің бойында диаметрі 530 мм болатын құбыр жарылған.
24 көпқабатты үй, 59 жеке тұрғын үй және 16 заңды тұлға ыстық су мен жылусыз қалды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі апат болған жердің анықталғанын хабарлады. Апатты жою жұмыстары жүргізілуде.
21 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Рудный қаласына барды. Ол Рудный қаласындағы жылу магистраліндегі апаттың салдарымен танысып, облыс басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы есебін тыңдады.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген