Роналду мен Месси бір-біріне қашан қарсы ойнайтыны белгілі болды
Лионель Месси мен Криштиану Роналду ойнайтын Францияның "Пари Сен-Жермен" және Сауд Арабиясының "Аль-Наср" командалары 19 қаңтарда жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Франциялық клуб қысқы оқу-жаттығу жиынының күнтізбесін жариялады. Команда аталған дайындықты жылда Сауд Арабиясы және Қатарда өткізіп келеді.
"Пари Сен-Жермен" 17 қаңтарда Қатар астанасы Доха қаласына келеді. Онда 2022 жылғы әлем чемпионаты өткен стадиондардың бірінде жаттығу жұмыстарын жасайды. Одан кейін 19 қаңтарда жергілікті "Аль-Наср" және "Аль-Хиляль" клубтарымен жолдастық кездесу өткізеді. Содан кейін қайтадан Парижге аттанып кетеді.
Айта кетсек, "Аль-Наср" командасында португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду ойын көрсетеді. Ол аталған клубпен өткен жылдың соңында келісім-шартқа қол қойды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

