Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роналдо өз командасынан қазақ футболшысы Мұхамед Еңсебаевты төменгі дивизионға түсіріп тастады

Испаниялық “Реал Вальядолид” клубының сапында болған қазақ футболшысы Мұхамед Еңсебаев төртінші дивизиондағы клубта ойнайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ФК “Реал Вальядолид”

Қазақстандық футболшы Испанияға былтыр сәуір айында көшіп барған еді. Ол “Реал Вальядолид” бапкерлерін қызықтырып, сонда қалып қойған. Алайда клуб басшылары Мұхамедке ойын тәжірибесі керек деп, оны төртінші дивизиондағы “Сеута Б” клубына жалға берді. Отандық футболшы маусым соңына дейін аталған команда сапында өнер көрсетеді.

Еңсебаев бұған дейін Қазақстанда “Елімай” футбол клубының сапында ойнады. Семейлік клубпен Бірінші лиганың чемпионы атанды. Сондай-ақ ол Қазақстанның жастар мен жасөспірімдер құрамасында да доп тепті.

“Реал Вальядолид” клубы Испания чемпионатының жоғары дивизионында ойнады. Командаға Бразилияның әйгілі футболшысы Роналдо иелік етеді. Клуб Ла Лигада өнер көрсеткенімен, турнирлік кестенің соңғы орнында келеді.

Талқылау