Рыбакина Путинцеваны жеңіп, Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны Испанияда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:Gettyimages.ru
Отандастарымыз Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 – Mutua Madrid Open турнирінің ширек финалында кездесіп, матч Рыбакинаның жеңісімен аяқталды. Тартысқа толы өткен ойын үш сетке созылып, Елена 4:6, 7:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Енді Рыбакина жартылай финалда әлемнің екінші ракеткасы белорусиялық Алина Соболенкомен жолығады.
Айта кетейік, Елена Рыбакина кейінгі рет Штутгарттағы беделді турнирде жеңіске жетіп, Porsche Taycan көлігін иеленсе, Путинцева әзірше үлкен додаларда топ жарған жоқ.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"

