Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік депутат еліндегі су тасқынына Қазақстанның қатысы барын айтты

Ресейдің мемлекеттік дума депутаты Михаил Делягин су тасқынынан Ресейді қалай қорғау керек екенін айтты. Депутаттың айтуынша, Қазақстанда не бөгет салу керек, не басқару саласын қалыпқа келтіру керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі KU66 сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Politrussia

Орынбор және Қорған облыстарындағы су тасқынына Қазақстанның қатысы жоқ екені хабарланғанымен, бұған күмән келтіретін шенеуніктер бар. Мәселен, РФ президентінің Орал федералдық округіндегі өкілетті өкілі Қазақстанның суы ақпағанда, Ресейде су тасқыны болмас еді деп тап өтті.

"Ресейді бұл індеттен бөгет арқылы немесе көршілері арасындағы басқаруды қалыпқа келтіру арқылы қорғауға болады", – деп түйіндеді Михаил Делягин.

Бұған дейін ресейлік шенеунік Ресейдің Қорған және Түмен облыстарындағы су тасқынына Қазақстанның су қоймаларынан жіберілген су әсер еткенін айтқан еді. Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігі бұл мәлімдемеге түсініктеме беріп, ресейліктің сөзін жоққа шығарды. 

Ал Қазгидромет Қазақстанға Ресейден үш-бес күнде су келетінін айтты.

Талқылау