Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейден әкелуге шектеу қойылды: Ауыл шаруашылығы министрі жұмыртқа бағасы өспейді деп уәде берді

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жұмыртқа бағасы өспейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Stan.kz тілшісі ашық нормативтік құқықтық актілер порталында жұмыртқа нарығын реттейтін қағидалар жобасы жарияланғанына қатысты сұрақ қойды.

“Осы құжатқа сәйкес жазда Ресей Федерациясынан өнім әкелуге тыйым салынады. Бұйрық 1 мамырдан бастап күшіне енуі мүмкін. Қазір жұмыртқа бағасы онсыз да қымбаттап кетті. Бұл тағамдық жұмыртқаның бағасына қалай әсер етеді? Тағы қымбатшылық болмай ма, оның орнын қалай толтыруды жоспарлап отырсыздар?” – деп сұрады тілші. 

“Қазір жұмыртқа бағасы 500 теңгеден асып кетті. Баға сол күйінде қалады. Себебі 1 мамырдан бастап жеке шаруашылықтар жұмыртқа шығара бастайды. Әдетте құс фабрикалары сата алмай жатады. Біз әзірге жарты жылға шектеу қойып отырмыз. Бірақ баға көтерілмейді, қолдау бар, біз сол бағаны ұстап тұруға тырысамыз”, –деп уәде берді министр. 

Бұған дейін Қазақстанға жұмыртқа тасымалдауға жарты жылға шектеу қойылғанын жазған едік. 

Талқылау