Ресейде президент сайлауына дайындық басталды – БАҚ
"Коммерсантъ" басылымы Кремльдің президент сайлауына дайындалып жатқанын мәлімдеді. Деректерге сәйкес сайлауға қазіргі президент Владимир Путин де қатысады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басылым президент әкімшілігіндегі дереккөздерге сілтеме жасаған. Олардың сөзінше, президент әкімшілігінің өкілдері сайлауға қатысты сарапшылардан кеңес алған.
Федерация кеңесі сайлауды 2023 жылдың соңына белгілеуі мүмкін. Дереккөздердің мәліметінше сайлауалды кампаниялар "арнайы операция, санкция мен халықаралық қатынастағы эскалация" кезінде өтеді.
Басылым Путиннің сайлауалды кампанияны нақты идеологиялық құрамның жоқ екенін айтады. Дегенмен мұны "бірлік тақырыбына негіздейді" деп күтіледі.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады