Ресей мен Беларусь спортшылары 2024 жылғы Олимпиадаға қатысса, 35 ел бойкот жариялайды
Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Ресей мен Беларусь спортшылары қатысатын болса, Украина оған бойкот жариялайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Украина премьер-министрі Денис Шмихал соғыс кезінде 340 украиндық спортшы мен жаттықтырушы қаза тапқанын, 343 спорт нысаны қирағанын және бүлінгенін еске салып, "украиналықтардың қанына боялған мемлекеттер Олимпиада ойындарына қатыса алмайды" деді.
Оның айтуынша, Олимпиадаға бойкот жариялауға 35 мемлекет әзір.
"Әділ спорт үшін қуатты халықаралық коалиция құрылды", – деді ол.
Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей және Беларусь спортшылары Париж Олимпиадасына жекелей сында қатыса алатынын, бірақ тек бейтарап мәртебеге ие болатынын растаған.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған