Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей мектебіндегі атыс: Опат болғандар саны 17-ге жетті

Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте болған атыс салдарынан көз жұмғандар саны 17-ге дейін өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

атыс

Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, көз жұмғандардың 11-балалар, 6-ы ересектер. 

Бұған дейін тергеу комитеті 15 адамның опат болғаны туралы хабарлаған. Тағы 24 адам түрлі жарақат алды, оның 22-сі балалар. 

26 қыркүйекте таңертең 34 жастағы Артем Казанцев Ижевск қаласындағы №88 мектепте оқ атқан еді. Мектепке кіріп, алдымен күзетшіні атып өлтірген. Кейін ол өз-өзіне қол салды. 



Қайғылы оқиғаға байланысты Удмуртия билігі үш күн аза тұту күнін жариялады. 

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте атыс болғаны туралы хабарлаған едік. Атыс сабақ болып жатқан уақытта басталған. Жедел ақпаратқа сүйенсек, қара киім киген ер адам сыныпқа басып кіріп, қолындағы қарумен оқ жаудырған. Осы кезде мектеп директоры жарақат алған жасөспірімдердің бірімен кабинетте тығылып, қауіпсіз жерге жасырынып үлгерген.

Талқылау