Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік мектепте белгісіз азамат оқушыларға оқ атқан: Салдарынан 10 адам қаза тауып, 20 адам жараланды (видео)

Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте атыс болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, білім мекемесінің күзетшісімен қоса 10 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 5-tv.ru сайтына сілтеме жасап.

Ресей мектеп атыс

Атыс сабақ болып жатқан уақытта басталған. Жедел ақпаратқа сүйенсек, қара киім киген ер адам сыныпқа басып кіріп, қолындағы қарумен оқ жаудырған. Осы кезде мектеп директоры жарақат алған жасөспірімдердің бірімен кабинетте тығылып, қауіпсіз жерге жасырынып үлгерген.

Оқиғаға қатысты ақпарат тексерілуде. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, атыс кезінде тоғыз оқушы жараланған. Балалар шабуыл кезінде жоғары қабаттан секіріп кеткен. Жеті жастағы алты мектеп оқушысы ауруханаға жатқызылған. Олардың екеуінің жағдайы ауыр, төртеуінікі орташа.

Ресейлік Удмуртия губернаторы Ижевск мектебінде болған атысқа байланысты жағдайды мәлімдеді.



Ижевск қаласындағы мектептегі атыстан алты адам қаза тауып, 20 адам жараланды, деді Ресейдің ішкі істер министрлігі.

Ижевск қаласындағы мектепте болған атыс құрбандарының саны артып барады.
Соңғы мәліметтер бойынша атыс салдарынан 10 қаза тапқан. Оның бесеуі 15 жас 
аралығындағы балалар болса, бесеуі ересек адам. Тағы жеті адам жарақаттанған.

Қазан мектебіндегі оқиға

11 мамырда Қазан қаласындағы мектептердің бірінде Ресейдегі соңғы жылдардағы ең үлкен қанды оқиға болды. Тергеу мәліметіне сүйенсек, 19 жастағы Ильназ Галявиев №175 гимназиясында жарылыс жасап, атыс ұйымдастырып 7 бала мен 2 мұғалімнің өмірін қиып, тағы 24 адамды жаралаған. 

Талқылау