Ресей Қазақстандағы теміржол жобаларына 31 миллиард доллар бөледі – БАҚ
Ресей Қазақстан, Ресей мен Қытайдағы темір жол жобаларына 31 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ведомости басылымына сілтеме жасап.

"Ресей 2030 жылға дейін Қазақстан, Моңғолия мен Қытайдағы темір жол инфрақұрылымының құрылысы бойынша жобаларды дамыту үшін 30,8 миллиард доллар бөлуі мүмкін", – делінген хабарламада.
Басылым құжаттарды Ресейдегі транспорт министрлігіне жақын дереккөздің растағанын атап өтті.
Сонымен қатар Ресей бірнеше елмен шектесетін орындарға үш жаңа темір жол өткізу пунктын салуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек Ресей аумағында 369 шақырым, Қазақстанда, Моңғолияда және Қытайда 3 000 шақырым темір жол салмақшы.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"