Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық төрешілерді балағаттаған: Елшілік ресейлік бапкердің әрекетіне қатысты пікір білдірді

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі ресейлік футбол бапкері Дмитрий Кузнецовтың қазақстандық төрешілерді дөрекі түрде балағаттаған видеосына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Ресей елшігі бапкердің әрекетінің дұрыс емес екенін айтады. 

"Жергілікті әлеуметтік желілерде жарияланған Ресейдің 2Drots футбол командасының бапкерінің қазақстандық төрешілерге қатысты дөрекі сөздері туралы бейнежазбаға қатысты, біз мұндай әрекеттің мүлдем дұрыс емес екенін мәлімдейміз", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар дипломаттар бір бапкердің сөзі ресейліктердің барлығы қазақстандықтарға қатысты осындай пікірде екенін білдірмейтінін айтады.

"Ресей Медиа Лигасы командаларының бапкерлерінің ешқандай ресми мәртебесі жоқ, сондықтан олардың сөздері Ресей халқының ұстанымының көрінісі деп санау дұрыс емес", – делінген елшілік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік футбол бапкерінің қазақстандық төрешілерді балағаттап жатқан видеосы тарағаны туралы жазған едік. Ресейлік бапкер қазақстандықтарды “чукча” деп атаған. 

Талқылау