AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей азаматы Шымкентте жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Шымкентке демалуға келген Ресей азаматы Александр Кирьянов із-түссіз жоғалып кетті. Еріктілер оны 23 күннен бері іздестіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап. 

"Нұрсат" ықшам ауданындағы қонақ үйде тұрған Александр 1 маусым күні нөмірінен шығып, сол күйі қайта оралмаған. Бір қызығы, Александр жеке заттарын, құжаттары мен телефонын қонақ үй бөлмесінде қалдырып кеткен. 

Оның үстіне, Александрдың денсаулық ахуалы жағдайды ушықтырып отыр. Ол созылмалы бүйрек ауруымен ауырады. 

1 маусым күні Кирьянов Шымкенттен Мәскеуге ұшуы керек еді. Алайда әуежайдан оны күтіп алмақ болған туыстары оны таба алмады. Өздері соңғы рет 30 мамыр күні телефон арқылы байланысқандарын айтады. Қазіргі уақытта LIDER еріктілер қозғалысы ресейлік азаматты іздестіруде.



"Ол осы қонақүйде тұрды. Қонақүй иесі 2 маусым күні оның құжаттары мен телефонын тапқан соң, полицияға хабар бермеген, 6 маусымға дейін оның әкесіне жауап бермеген, бұл көңілге күдік ұялатады. Біз қонақүйді тапқан соң ғана ол полиция шақыртты. Кейін Александрдың бүкіл затын бөлмеде қалдырып кетіп, із-түссіз кеткені анықталды", – дейді LIDER еріктілер қозғалысының үйлестірушісі Людмила Герасимова. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр