Ресей 2022 жылдың қаңтарында Қазақстанға ҰҚШҰ әскерлерін жөнелту кезінде шешуші рөл атқарған
Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) Ресейдің 2022 жылдың қаңтарында Қазақстанға әскер жіберудегі рөлінің шешуші болғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Ресей Федерациясы қарулы күштері әлеуетінің шешуші рөлінің арқасында ҰҚШҰ күштері мен құралдарын ұжымдық қауіпсіздіктің барлық аймақтарынан Қазақстанға жеткізу мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Олардың құрамына Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы қарулы күштерінің бөлімшелері кірді. Ресейдің Аэроғарыш күштеріне ерекше алғыс айтқымыз келеді: олар қысқа мерзімде жүз мәрте ұшып, әуе жүктерін және жабдықтарын тасыды", – делінген Мәскеудегі ҰҚШҰ дағдарысқа қарсы әрекет ету орталығында өткен баспасөз мәслихатында.
Басқосуда ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің 2022 жылға арналған командалық-бақылау органдары мен күштері мен құралымдарын бірлескен оқыту қорытындылары мен 2023 жылға арналған міндеттерді талқыға салған. Сонымен бірге 2022 жылдың қаңтарында Қазақстанда болған оқиғалар туралы да айтылған.
- "Ешкім шетте қала алмайды": Лукашенко Тасмағамбетовке Украина мен Ресей арасындағы соғыс туралы айтты
- "ҰҚШҰ - ол Ресей емес деп айтуға болмайды": Ертісбаев Тоқаевтың сөзіне қатысты өз ойын айтты
"2022 жылдың қаңтарында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғаннан бергі 30 жыл ішінде алғаш рет ҰҚШҰ ұжымдық күштері ел қауіпсіздігіне, тұрақтылығына және егемендігіне қауіп төнуіне байланысты Қазақстан Республикасы аумағына жөнелтілді. Бұл бірегей операция және әскерлерді (Ұжымдық күштерді) тікелей пайдалану болғанына қарамастан, бірлескен жұмысымыздың өте маңызды нәтижесін көрсетеді", – дейді Біріккен штаб бастығы Анатолий Сидоров.
Ол ҰҚШҰ әскерлерінің алдына маңызды мемлекеттік және әскери нысандарды күзету, құқық қорғау күштеріне көмек көрсету міндетін қойғанын еске салып өткен.
"2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасында өткізілген ҰҚШҰ бітімгершілік операциясы Ұжымдық күштердің мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиімді шешуге дайын екенін растады. Және халықаралық қауымдастыққа ұйымның миссияны жедел орналастыру және аяқтау қабілетін көрсетті, осылайша халықаралық және аймақтық ұйымдар жүйесінде ҰҚШҰ-ның жоғары мәртебесін айқындай түсті", - делінген ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесінде.