Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ҰҚШҰ - ол Ресей емес деп айтуға болмайды": Ертісбаев Тоқаевтың сөзіне қатысты өз ойын айтты

Қазақстанда белсенді қоғам өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде ҰҚШҰ күштерін шақыруға қатысты сөзін қызу талқылауда. "Россия 24" арнасына берген сұхбатында Тоқаев "Ресей Қазақстанды құтқарып қалды" деген пікірдің шындыққа жанаспайтынын ашық айтты. Бұған қатысты Қазақстан Халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

“Президент БҰҰ бас хатшысының экс-орынбасары және бұрынғы Сыртқы істер министрі ретінде мұндай ірі интеграциялық құрылымдарға үлкен мән беріп келді. Оған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы да кіреді. Оның құрылғанына 30 жылдай болды. 

Ресей мамандары ұйымның статусын, атауын жоққа шығарып, тек "Ресей Қазақстанды құтқарды, ал сендердің рахметтерің жоқ" деген мағынада сөйлей бастағаны қатты таңғалдырды. Кеосаянның дөрекі сөздерін еске алыңыздар.



Меніңше, мемлекет басшысы бұл сауалдың жауабын нақтылады. Әрине, "ҰҚШҰ - Ресей емес" деп айтуға болмайды. Бірақ Беларусь, Армения, Тәжікстан және біздің елдің қарулы күштері қатысқанын ұмытпау керек. 
Мұнда назарды тек Ресейге аудару дұрыс емес. Меніңше, бұл мемлекет басшысын да шаршатты. Негізі бұл ол кісі жауап беретіндей сұрақ емес еді. Бірақ журналистер қойғандықтан, Қасым-Жомарт Тоқаев нақты нүктесін қоюды шешіпті”,-  дейді Ертісбаев.

Оның пікірінше, Тоқаевтың сөзі Ресей қауымдастығында үлкен әсер қалдырды. Сондықтан ол жақтағылар енді бұл тақырыпты қозғамауы керек. 

 

Талқылау