Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ренат Басит фильмге сын айтқан атақты жазушыны танымай ұятқа қалды

Сиви Махмұди мен Ренат Басит бірігіп түсірген «Соқыр махаббат» фильмі жарыққа шықпай жатып-ақ әңгімеге арқау болды. Фильмді жарнамалау мақсатында желіде таралған видеоны халық қызу тақылады. Көпшілік оған «арзан жарнама» деп баға берді.

ренат пен сиви 130417

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бұл ретте белгілі жазушы әрі ақын Бейбіт Сарыбай да пікірін білдірді.

“Сиви деген қыз Ренат деген жігіттің қымбат көлігінің терезесін шаққан видео әлеуметтік желіде кеңінен таралды. Бәрі жасанды, бәрі өтірік екені көрініп тұр. Сондағылары даурықпа жұртты даурықтыру арқылы «Соқыр махаббат» деген фильмсымақтарының дақпыртын асыру, сол арқылы көрермен тарту.

“Теңіздің дәмі – тамшыдан” дейді. Осы видео арқылы олардың фильмсымақтарының қай деңгейде екенін жобалауға болатын сияқты. Дарынсыз режиссердің талантсыз актерлермен түсірген, түкке тұрмайтын сюжетке құрылған «боқ».

«Соқыр махаббат». Кино түсіруге, киноға түсуге деген соқыр махаббат… Өздеріне деген соқыр махаббат. Соның нәтижесінде халықты соқыр, надан санау.

Көзі ашық, көкірегі ояу адамдардың барлығы бұл дүбәраның санасында сәулесі жоқ соқырларға арналған дүние екенін түсінді.

Ақша мен байлық көзіңе шел бітірсе, соқыр болмай қайтесің? Соқыр болсаңыз, мархаббат… Барыңыз, көріңіз. Алмандардың ақсүйектерге арнап шығарған қайран Мерседесін, соның әйнегін аяп кеттім. …ларға қор болған қайран Мерседес”, – деп жазды Бейбіт Сарыбай Facebook-тегі парақшасында.

Сивидің айтуынша, мұндай пікірлер көре алмаушылықтан туады. Ол жағымсыз пікірлерге мән бермейтінін  MuzZone арнасына айтты.

“Арнайы біреу жаздыртып жатқан сияқты бізге, дұшпан әрбір жерде бірдей жүреді ғой. Көре алмай жазып жатқан сияқты. Біздің жолымызды кесу мақсатында. Қазақ десе өзіңе тиеді ғой. Ондай адамдарсыз да болмайды. Айтса айта берсін, ол да бізге пиар”, – дейді ол.

Ал Ренат сын таққан жазушыны мүлдем танымайтын айтып, ұятқа қалды.

“Пікір білдіріп жатқан адам көп қой, бірақ ол адам кім? Мысалы Ринат Зайытов жазса, келісемін. Бірақ ана кісіні танымайды екенмін, Бейбіт кім дедіңіз? Бейбіт Сарыбай деген кісіні танымайды екенмін”, – деді ол.

Айта кетейік, ақын әрі жазушы Бейбіт Сарыбай бірнеше кітаптың авторы, «Парасат», «Алматы ақшамы», «Дала мен қала», «Алаш айнасы» сияқты көптеген республикалық басылымдарда және «Қазақ радиосында», «Ел арна» телеканалында қызмет атқарған. Қазір Қазақстан жазушылар одағы басқармасында балалар және жастар әдебиеті бөлімінде кеңесші. Бұдан бөлек, Бейбіт Сарыбай Facebook желісіндегі ұтқыр ойлы жазбаларымен танымал.

Жіберіп алмаңыз:

Сиви Махмұдиді Алматы әкімдігі сотқа берді

Асхат Тарғынның 9 млн теңге жұмсаған тойы қалай өтті? (фото, видео)

Диана Шарапова: Әйел еріне адалдық, қолдау және секс беруі тиіс

Қазақстандық олигарх Димашқа қыруар қаржы табуға болатын ұсыныс жасады

Талқылау