Сиви Махмұдиді Алматы әкімдігі сотқа берді

Алматы қалалық сәулет және құрылыс жөніндегі мемлекеттік бақылау басқармасы Sivi лаундж-барының иелерін сотқа берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

сиви 130317

Лаунж-бар орналасқан №16 тұрғын емес үй болып саналатын ғимараттың қожайыны – жеке кәсіпкер Рүстемова Анар Төлегенқызы. Бұл туралы Алматы қалалық сәулет және құрылыс жөніндегі мемлекеттік бақылау басқарма басшысы Қайыржан Жақсымбаев мәлімдеді.

Тексеріс барысында №20 пәтер мен №16 ғимараттың қайта жабдықталып, ішкі жоспарлауының өзгертілгені анықталды. Бұдан өзге, құрылысқа жанама ғимарат қосылған.

Жеке кәсіпкер өз бетінше әкімшілік өндіріспен айналысқаны үшін айыпталып, ақырында ол 520 айлық есептік көрсеткіш түрінде (1 179 880 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді.

Сонымен бірге, 3 сәуірде басқарма Бостандық аудандық сотына заңсыз салынған пәтерге жапсарлас ғимаратты бұзу туралы арыз түсірген.

«Бұдан бөлек, 2017 жылдың 3 сәуірінде басқарма №20 пәтерге заңсыз жапсарлас ғимарат салу ісі бойынша Бостандық ауданының сотына арыз түсірді», – деп хабарлады әкімдіктегілер.

Алматы әкімдігі құқық бұзған мекеме иесін бірнеше рет ескерткен екен.

Еске сала кетейік, әнші, актриса әрі продюсер Сиви Махмұди аталған лаундж-барды өзінің туған күнінде ашқан болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Әнші Сәкен Майғазиев келін түсірді (фото)

Асхат Тарғынның тойындағы қонақтарды екі тамада әрең игерді (фото,видео)

Асхат Тарғынның 9 млн теңге жұмсаған тойы қалай өтті? (фото, видео)

Дінтанушы: Мешітте той жасаған Қарақатты аяймын

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр