Дінтанушы: Мешітте той жасаған Қарақатты аяймын

Дінтанушы Мұрат Телібеков әнші Қарақат Әбілдинаның мешіт қабырғасында туған күн кешін өткізуіне қатысты пікір білдірді. Ол отандық шоу-бизнес өкілдерін голливуд жұлдыздарымен салыстыра отырып, қазақстандық әртістердің рухани жағынан өте төмен деңгейде екенін айтты.

абілдина 120417

“Резонанс” басылымына берген пікірінде ол әншіге аянышпен қарайтынын жеткізді.

«Қазір барлығы әнші Қарақаттың орталық мешіт қабырғасында өткізген туған күніне орай өткізген сауық кешін қызу талқылауда. Адамдардың таңданысына таңырқап отырмын. Әртістердің мұндай еркеліктеріне үйренетін уақыт жеткен сыңайлы, оларға көз жұма қарау керек. Әртістерден не сұрайсың? Менің көзқарасымда олар бала сияқты және осы кейіпте мәңгілікке қалатындай. Рухани ергежейлілердің нақ өзі.

Біздің әртістер Анжелина Джоли, Бред Питт немесе Леонардо Ди Каприоның деңгейіне жете алмайды. Отандық жұлдыздардың қайырымды ісін мысалға келтіре аласыз ба? Олардың қайсысы жетім баланы асырап алды? Немесе өз қалтасынан ақша шығарып, оларға үй салып бергені бар ма? Банкирлер мен олигархтардың, тіпті қарақшылардың мешіт салған кезін білемін. Алайда шоу-бизнес өкілінен мұндайды естімедім. Бәлкім қайырымдылықпен айналысатындай олар жеткілікті дәрежеде бақуатты емес шығар.

Әртістер арасында тек шығармашылықта емес, күнделікті өмірде ұлылық танытатындар бар. Бұл бір-бірімен тығыз байланысты. Неге екенін білмеймін, ондай қадамға Димаш Құдайбергенов баратындай көрінеді. Басқа кім? Бұған жауап бере алмаймын.

Егер Қарақат жетім баланың туған күнін мешітте жасап берсе, ел тамсанар еді. Бірақ ол үшін кем дегенде Анжелина Джолидің шаш үлгісі немесе жүрісі болу керек шығар. Немесе ағылшын тілін меңгеру керек шығар.

Мешіт қабырғасында дүркіретіп той жасаған бұл әншіні аяймын. Меніңше, ол бірінші кезекті өз ата-анасының атына кір келтірді. Себебі ісіне қарап ол отбасында дұрыс тәрбие көрмеген деген ойға қаласың.

Ал мешіт басшылығына келсек, имамдарды да түсінуге болады. Біздің рухани ордамыз әлдеқашан коммерциялық мекемеге айналып кеткен. Оларды айыптаудан аулақпын. Себебі мұны қалыпты жағдай ретінде көріп үйреніп қалдым. Көптеген мешіттерде коммерциялық сауналар мен массаж салондары жұмыс істесе де таңғалмаймын», – дейді Мұрат Телібеков.

Есте болса, бұған дейін Қарақат Әбілдинаның мешітте өткен кеші жайында жазған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Ол Қазақстанда өсе алмайды: Алуа Қонарова Димашқа Қытайда қалуға кеңес берді

Ет және ботқа: Айсәуле сүйікті жануарына ханзаданың асын береді

Шенеуніктің қызы 250 мың тұратын көйлекті жарысқа киіп, дүкенге кері қайтарған

“All Давай” тобының әншісі ел алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото, видео)

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр