Реал Мадрид Орталық стадионның алаңына риза емес: УЕФА клубтың талабын қанағаттандырмады

Фото: Реал Мадрид
Реал Мадрид клубы Чемпиондар лигасының аясында "Қайратқа" қарсы ойын алдында УЕФА-ға ерекше өтініш жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Реал Мадрид УЕФА-дан Орталық стадиондағы алаң шөбін матчқа дейін 25 миллиметр биіктікке дейін қысқартуды сұраған. УЕФА бұл талапты қабылдамады. Өйткені алаңның биіктігі 30 миллиметрден аспаса болады, яғни қазақстандық клубтың алаңы талапқа сай.
Реал Мадрид биіктігі 20-22 миллиметрге жететін газон алаңында ойнауға дағдыланған. Соңғы маусымдардағы ең жоғары биіктік "Хетафеге" қарсы матчында болды, онда алаң 27 миллиметр болыпты.
Алайда УЕФА алаңды қайта кесуге рұқсат бермеді, өйткені оның қазіргі биіктігі ережелерге сәйкес келеді.
Сондықтан алаң шөбі 30 миллиметрден аспаса, қонақтар алаң иелерін шөпті кесуге міндеттей алмайды.
Еске салайық, "Реал Мадридтің" жұлдыз ойыншысы Мбаппе Алматыда ерекше жанкүйерімен кездескен еді.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"