Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Райымның бұрынғы сүйіктісі жаңа "ғашығымен" көзге түсті

Райымның Ерке Есмаханға дейін дос болған құрбысы Наргизаның есімі оқырманға жақсы таныс. Экс-жұптың өмірін халық жиі талқылап, назардан тыс қалдырмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Райым мен Наргиза жеті жылдай қыз-жігіт болып араласып, кейіннен екі жаққа кеткен болатын. Блогер қыздың тыныс-тіршілігі Райымның өзінен он екі жасқа үлкен Ерке Есмаханға үйленіп кеткеннен кейін жария бола бастады.

“2022 жылдың қыркүйек айында үйленуді жоспарлап жүргенбіз. Бірақ ол қыз-жігіт болып жүргенімізде менімен қатар ол кісімен де кездесіп жүргенін білдім. Содан кейін қарым-қатынасты өзім тоқтаттым”, – деп жазған болатын.

Соңғы кезде Наргиза сүйіктісін көрсетіп, видеолар жүктей бастады. Желідегі оқырмандары бақыт тілеп, “ең әдемі жұп” деп бағалап жатыр. Өзі де той көйлектерінен видео салып, оқырмандарын қызықтырып қойды.

Оқырмандары Наргизаның бет-әлпетін қазаққа ұқсатпай, әзірбайжан, өзбек шатыс деп болжап жатыр. 

Осыған дейін Райым мен Еркенің шаңырағына сәби келетінін жазған болатынбыз. Жұлдызды жұп ол жаңалықты көрерменге “Бұл махаббат” әнімен жеткізді. 

Талқылау