Депутат Дәулет Тұрлыханов әнші Роза Рымбаеваға көлік мінгізді
Депутат Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға темір тұлпар сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуанышты жайт Абай облысының басты ақпарат алаңы саналатын парақшада жарияланды.
Ақпаратқа сәйкес, мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қалбатауда ашық аспан астында гала концерт ұйымдастырған. Оған Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya секілді шоу-бизнес өкілдері қатысып, өнер көрсеткен.
Парақшада концерт сәттерінен видео жарияланды. Кадрлардан депутат Дәулет Тұрлыхановтың Роза Рымбаеваға көлік кілтін табыстағанын көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева сахнадан уақытында кеткен дұрыс екенін айтқаны хабарланған еді. Өйткені өнер иесі денсаулық сыр беріп, жас ұлғайғанда халық алдында жүру дұрыс емес деп санайды.
Үш баласы да АҚШ университеттеріне түскен қазақстандық әке бала тәрбиесіндегі 15 қағидасын атады
Әкесі: “Кәмпит, балмұздақ, тәтті жемейді, теледидар көрмейді, смартфонға да уақыт шектеулі”
"Соғысқа жіберуге 3 күн қалды": Ресейде жүрген қазақстандық жігіттер көмек сұрады
Олар 10-нан астам күннен бері қайта алмай отыр