Сахнадан уақытында кеткен дұрыс – Роза Рымбаева

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева “1001 түн” телебағдарламасына берген сұхбатында сахнадан уақытылы кеткен дұрыс екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің сөзінше, бүгінде ол сахнамен қоштасуды жоспарлап жүр. Өйткені өнер иесі денсаулық сыр беріп, жас ұлғайғанда халық алдында жүру дұрыс емес деп санайды.
"Сахнадан уақытында кеткен дұрыс деп ойлаймын. Мен де 50 жылдық шығармашылық кешімнен кейін сахнамен қоштасуды жоспарлап жүрмін. Денсаулық сыр беріп, жас ұлғайғанда халық алдында жүруді дұрыс санамаймын. Уақытында кетсең, көрерменнің жадында жақсы бейнеңмен қаласың", – деді әнші.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін Роза Қуанышқызы Әлия мен Мәншүк есімді қыздары бар екенін айтып, ел білмейтін сырын ашқаны хабарланған еді.
Бұл қыздар ата-анасынан айырылған қайғылы жағдайдан кейін оның отбасына қосылған. Роза Рымбаева олардың біреуі небәрі алты жаста болған кезде қамқорлығына алуға шешім қабылдаған.
“Бұл екі қыз менімен тұрады. Менің екі ұлым не жейді, не киеді бәріміз бір отбасы боламыз деп бірден шешім қабылдап, екі қызды қолыма алдым. Мен өте бақытты болдым. Себебі, біріншіден Тасқын да өмірден өтті. Жауапкершіліктің барлығы менің мойнымда қалды”, – деген өнер иесі олардың тәрбиесіне толық жауапкершілік алғанын жеткізді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?