Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рауан Кенжеханұлы Ұлттық кеңес отырысында балалар арасындағы суицид мәселесін көтерді

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Рауан Кенжеханұлы балалар арасындағы суицид мәселесін көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

суициддд

"Тағы бір назар аударатын мәселе - балалардың жан саулығына қатысты. Атап айтсақ, мектеп оқушылары арасындағы суицид, яғни өзіне қол салудың жиілігі. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан дүние жүзіндегі жағдайы ең нашар елдер қатарында. Жыл сайын 170-тен аса қазақстандық жасөспірім өздеріне қол жұмсайды. Мамандардың есебінше аяқталмаған және түрлі себеппен тіркелмеген суицидке талпыныс саны бұдан 20 есе көп. Ашығын айтқанда, балалар арасындағы мұндай жағдай - қоғам саулығының өте сорақы көрсеткіші", - деп атап өтті спикер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысында.

Сонымен бірге, спикер балалар арасындағы суицидтің алдын алуға арналған ортақ бағдарлама немесе әдістеме жасалмағанын айтты.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіз бұл мәселе туралы бірнеше рет айттыңыз, тапсырма да бердіңіз. Алайда елімізде білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін қамтитын, барлық деңгейде басшылыққа алынуы тиіс балалар арасындағы суицидтің алдын алуға бағытталған ортақ бағдарлама не бірыңғай әдістеме әлі қабылданбады. Біз өз тарапымыздан білікті қазақстандық және беделді халықаралық психолог мамандарды жұмылдырып, "Денсаулық және өмір дағдылары" атты арнайы бағдарлама дайындадық. Ондағы амалдар мен әдістер бірнеше аймақта сынақтан өтті. Қажет болса, бағдарламаны тиісті министрлікке тапсыруға дайынбыз. Тек ел аймақтарының барлығын, оқушылар мен ұстаздарды, психологтар мен ата-аналарды жан-жақты қамтитын белсенді іс-қимыл бастауды сұраймыз", - деді Рауан Кенжеханұлы.

Естеріңізге сала кетейік , президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысын өткізуде. Отырыс адами капиталды дамытуға арналған.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр