Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қолма-қол төлем тоқтатылады: Қазақстандық жүргізушілер үшін не өзгереді

көлік сақтандыру төлем
Фото: magnific.com

Қазақстанда көлік иелерін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін алу ережелері өзгереді. Енді жүргізушілер ақшаны тек банк шоты арқылы ала алады, ал қолма-қол төлемдер тоқтатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, бұл өзгерістер қаржы нарығын цифрландыру мәселелері жөніндегі заңдарда қарастырылған. Осы құжаттармен "Міндетті сақтандыру туралы" Заңның 25-бабына түзетулер енгізілді.

"Басты жаңашылдық – Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемін алуды қолма-қол ақшасыз нысанға көшіру, яғни қаражатты бенефициарлардың банктік шоттарына аудару", – деп атап өтті агенттік.

Реформаның басты мақсаты – төлемдердің ашықтығын арттыру, жүргізушілердің құқықтарын қорғау және сақтандыру жағдайларын реттеу кезіндегі күмәнді схемаларды болдырмау. Қолма-қол ақшасыз формат өтемақының тікелей зардап шеккен тарапқа түсетініне кепілдік береді.

Сонымен қатар жүргізушілерге ақшаны аудару немесе есепке жатқызу үшін қосымша қаражат жұмсаудың қажеті жоқ. Банк комиссияларына қатысты барлық шығындарды сақтандыру компаниялары өз мойнына алуға міндеттелді. Нәтижесінде жүргізушілер сақтандыру төлемдерін толық көлемде ала алады.

Өзгертулер 2026 жылдың 21 қазаннан бастап күшіне енеді.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 30 Тамыз, 2026 09:17