Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша бірден екі рекорд жаңартты
2026 жылы қаңтар мен сәуір айларында Қазақстанда 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келді. Көпұрықтылардың ең көп дүниеге келуі Түркістан облысында тіркелді. Бұл өңір елдегі туу көрсеткіші ең жоғары аймақтардың қатарына да енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Егіз ең көп дүниеге келген өңірлер:
- Түркістан облысында – 263 жағдай;
- Алматы қаласында – 245 жағдай;
- Алматы облысында – 175 жағдай тіркелген.
Үшемдер көп дүниеге келген өңірлер:
- Түркістан облысы;
- Атырау облысы;
- Шымкент қаласы.
Аталған өңірлерде үшемнің әрқайсысынан 3 жағдайдан тіркелген. Бұл әр өңірде тоғыз бала дүниеге келді деген сөз.
Қалған облыстарда мұндай жағдайлар сирек кездеседі.
Алайда аталған кезеңде елімізде төртемдер дүниеге келген жоқ.
“2026 жылдың алғашқы төрт айында елде жалпы саны 99,4 мың сәби дүниеге келген”, – деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.
Туу көрсеткіші ең жоғары өңір – Түркістан облысы. Әр мың тұрғынға шаққанда 19,75 нәрестеден келеді. Екінші орында Шымкент қаласы (19,39), ал үздік үштікті Маңғыстау облысы (19,28) аяқтады.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"
